14 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №1130

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 желтоқсан, Астана, Үкімет үйі «Жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормалары»; реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 1. Тірі ірі қара мал 01.41.10 бас 5 ». 2. Осы қаулы 2016 жылғы 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Соңғы жаңалықтар

Көнеден жеткен теркеш

Жәдігер • Бүгін, 10:52

Тұлпарды тұсамас болар

Зерде • Бүгін, 10:45

Құнды сурет құпиясы

Таным • Бүгін, 10:37

Көл жағасы тазартылды

Талбесік • Бүгін, 10:22

Жетісуда суқоймасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 10:15